18 жастағы қыз 40 келі қойды 111 рет көтерді

18 жастағы қыз 40 келі қойды 111 рет көтерді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Семейде қойды 111 рет көтерген Айым Нұржанова жұртты қайран қалдырды. Ол «АгроСемей-2018» атты халықаралық көрмедегі сайысқа қатысып, жеңіс тұғырынан көрінген деп хабарлайды Алтайньюс.

Көрмеге келушілер назарына облыстағы асыл тұқымды жылқылар, қазақтың ақбас сиыры, түйе мен ұсақ малдардың түрлері де көрсетілді. Қыран, бүркіт, қырғауыл сынды құстар мен үй қояндарының небір түрлерін көруге болады.

«Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған көрмеге, облыстан басқа, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Моңғолия, Франция, АҚШ пен Қытайдан келген айтулы мамандар, өз ісінің білгірлері де қатысып отыр»,-деді Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің ректоры Мейір Ескендіров.

Сондай-ақ шара барысындағы сайыста 185 рет қой көтерген Марат Оразбаев бас жүлдеге  ие болса , қойды 111 рет көтерген Айым Нұржанова да жеңімпаздар тұғырына көтерілді. «Алтай» шаруа қожалығының басшысы Меллат Дүйсенбаевтың демеушілігімен екі мықтыға да бағалы сыйлықтар тапсырылды.


Новости партнеров