Тағы ит талады: Алматы облысында 8 жасар қыз баланы ит талап тастады

Тағы ит талады: Алматы облысында 8 жасар қыз баланы ит талап тастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында ротвейлер тұқымдас ит 8 жастағы қыз баланы талап тастады. Оны көршілері көріп қалып, құтқарып үлгерді.

8 жастағы қыз бала қазір ауруханада жатыр. Жағдайы орташа. Куәгерлердің айтуынша, ротвейлер тұқымдас ит босанып кетіп, қыз балаға шапқан. Оны аяғынан, денесінен тістеп қан-жоса қылды, деп хабарлайды stan.kz.

«Біз қызды көре сала жүгірдік. Иттен әрең арашалап алдық. Қызды шанаға салып алып, үйге апардық. Сол жерге жедел жәрдем шақырттық», – дейді куәгер Бейбітгүл.

Ал, қыздың анасы Фатима Наманова ит иесінің  жауапкершіліктен қашып отырғанын айтты. Полицейлер де іске салғырт қараған көрінеді.

«Полицияға арыз жазғаныммен, екі күн бойы үйге келіп жауап алмады. Итті де іздеген жоқ. Өзім тауып бердім. Ит иесі де материалдық шығынды өтегісі келмейді», – дейді жәбірленуші.

Дәрігерлер қыз баланың әлі бір аптадай ауруханада ем алатынын айтты.

Айта кетейік, екі апта бұрын питбуль тұқымдас ит 7 жасар қыз баланы талап, мерт қылған еді.


Новости партнеров