|
11.12.2018 | 12:10
1884

Қазақстанда орташа жалақы 159 мың теңге болды

Қазақстанда орташа жалақы 159 мың теңге болды

Қазақстанда 11 ай ішінде жалақының орташа айлық көрсеткіші 159 мың теңге болды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҚР ҰЭМ басшысының мәліметінше, 2018 жылы 468 600 адам жұмыспен қамтылған.

«Қазанда жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға төмендеді. Еңбек ақысы едәуір өсіп жатыр. Қаңтар-қазан аралығында жалақы орташа айлық көрсеткіші 159,5 мың теңгеге өсті. Шамамен 2,2 пайызға өскен», - деді Сүлейменов.

Министрдің мәліметінше қаңтар-қыркүйек аралығында қаражат табысы 3,4 пайызға өскен.

«Желтоқсанда жалпы ішкі өнімнің айтарлықтай бөлігі шешіледі. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар инвестициялық жобалар мен нәтижелердің сапалы көрсеткішін ұсынуы тиіс. Негізінде бұл мемлекеттік сатып алулар мен құрылыс саласына қатысты», - деді Сүлейменов.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир