|
02.11.2018 | 12:14
1560

Автобус ішіндегі төбелестен 13 адам қайтыс болды - видео

Автобус ішіндегі төбелестен 13 адам қайтыс болды - видео

Қытайдың Чунцин қаласында қоғамдық көлік жүргізушісі мен жолаушы әйел төбелесіп, автобус Янцзы өзеніне құлап кеткен. Оқиға салдарынан 13 адам қаза тапты, тағы екі адам із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында, деп хабарлайды Sina басылымы.

Басылымның мәліметіне сүйенсек, әйел адам аялдамасын жіберіп алып, жүргізушіден тоқтауды талап етеді. Алайда автобус көпір үстінде кетіп бара жатқандықтан, жүргізуші жолаушының өтінішін орындамайды. Сол кезде әйел жүргізушіге тіл тигізіп, ұрып жіберген.

Видеода ер адам өзін қорғап, әйелге қарсы жұдырық сілтейді, сол кезде оң қолын рөлден жіберіп, жолға қарамай қалған екен. Автобусты басқара алмай қалған ол 51 км/сағ жылдамдықпен қарсы беттегі көлікке соқтығысады, содан соң автобус көпірдің қоршауын бұзып, өзенге құлап кетеді.

Қытай билігі оқиға орнына құтқарушылар, полицейлер, сүңгуірлер мен еріктілерді жіберді. Мамандар бірнеше кеменің көмегімен 70 метр тереңдіктен автобусты алып шықты.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир