Қорғаста шекарашыны соққыға жыққан азамат ұсталды

Қорғаста шекарашыны соққыға жыққан азамат ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қорғаста соққыға жығылған қазақстандық шекарашыға қатысты істің мән-жайы анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

25 жастағы ефрейтор Нұржан Молдаш қызмет атқарып жүрген. Ол «Қорғас» ШЫХО-ның басқа бір қызметкерін жинақтаушы аймағынан залға өткізуден бас тартқан.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға шамамен 17.00-де болған. Сөйтсек, жинақтаушыда бір аудармашы шекарашының талабын орындаудан тас тартқан. Олардың арасында жанжал шығып, әскери қызметшіге соққы жасалған.  

Салдарынан ефрейтор құлап түсіп, тасжолға басын ұрып, есін жоғалтып алған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақыртылған.  Шекарашыны ұрған жігіт ұсталып, Қорғас полиция бөліміне тапсырылған. Ол уақытша ұстау изоляторында.

Шекарашы Молдаш Нұржан Жеркенттегі аудандық ауруханаға жеткізілген. Зардап шегушіге «Мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, оң жақ бетінің көгеруі, жағының жабық сынуы» диагнозы қойылған.



Новости партнеров