|
14.12.2018 | 12:15
5241

Қазақстанда Теңге есімді 10 қыз бен Бәйтерек атты 28 жігіт бар

Қазақстанда Теңге есімді 10 қыз бен Бәйтерек атты 28 жігіт бар

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Тәуелсіздік күні қарсаңында қызықты статистика жариялады.

1991 жылы 16 желтоқсанда барлығы 959 адам туылса, соның ішінде 491 ұл бала және 468-і қыз бала. 27 жыл тәуелсіздік барысында Нурсултан, Нұрсұлтан, Нұрсултан, Нурсұлтан есімдерімен аталғандар – 37276 адам, олардың 14-і еліміз тура тәуелсіздік алған күні дүниеге келген, деп хабарлайды ВNews.kz ҚР ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында 2011 жылы 1 желтоқсанда туылған бір баланың есімін «Тәуілсіздік» деп қойған.

Сонымен қатар, ҚР маңызды оқиғалар өткізілген уақытта балалардың есімдер қойылған: Азиада (Азияда) - 57 әйел адамның есімі; Саммит, Саммита (Самит, Самита) – 70 ер және 17 әйел адамның есімі; Нұрлыжол – 16 ер адамның есімі; Нұротан – 10 ер адамның есімі; Байтерек – 28 ер адамның есімі; Мәңгілік – 2 ер және 2 әйел адамның есімі; Теңге – 10 әйел адамның есімі, сондай-ақ 3 ер адамның есімі Ақорда деп қойылған болса, 2009 жылдың 30 тамызында туылған бір ұл балаға Атазаң деген есім берген.

2017 жылғы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өткізілген уақытта тағы да бір қызықты ер адамның есімі пайда болды. Ұл балаға Байдібэкспо деп ат қойған. Тәуелсіз жылдарда 17 адам «Астана» есімімен аталған, оның ішінде 14 ер және 3 әйел есімі.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

имена
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир