|
20.09.2018 | 16:20
2380

Қорғаста қазақстандық шекарашы қатты соққыға жығылған

Қорғаста қазақстандық шекарашы қатты соққыға жығылған

«Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында қазақстандық әскери қызметкер соққыға жығылды.

Әскери қызметкер шекара бекетінде құжат тексеріп, өткізу режимін қадағалап тұрған. Кикілжің күдікті рұқсат құжатынсыз өтпек болғанда туындаған. Жарақат алған сарбаз ауруханаға жатқызылды.

«Аталған оқиға кеше кешке әскери қызметкер мен күдікті ер адамның арасында орын алған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 380-бабы, яғни билік өкіліне қарсы күш қолдану бойынша жүргізілуде. Күдікті ер азамат қазіргі кезде ұсталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық кодексіне сәйкес, қамауға алынды. Тергеу амалдары Панфилов ауданының полиция қызметкерлеріне жүктелді», – деді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің ресми өкілі Әйгерім КӨПБАЕВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир