Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.
Соған қарамастан, алдағы үш тәулікте оңтүстік циклонның ықпалынан республиканың солтүстігінде қар, бұрқасын, оңтүстігінде жаңбыр, жабысқақ қар, көктайғақ және тұман болады, бұрынғыша нормадан жоғары ауа температурасы сақталады.
Gismeteo мәліметіне сүйенсек, 17 қаңтарда Астанада түнде ауа температурасы – 12 градус болса, күндіз – 7 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда түнде – 2 градус, ал күндіз – 1 градус болады. Шымкентте түнде –1 градус, ал күндіз ауа температурасы +12 градус болады.
18 қаңтарда еліміздің бас қаласы Астанада түнде 8 градус аяз, ал күндіз 5 градус аяз болады. Алматыда түнде – 4 градус, күндіз +2 градус. Шымкентте түнде 0 градус болса, күндіз +13 градусқа дейін көтеріледі.
19 қаңтарда Астанада түнде – 8 градус, күндіз –5 градус. Алматыда түнде сынап бағанасы 5 градус нөлден төмен болса, күндіз +5 градусқа дейін көтеріледі. Шымкентте түнде +9 градус, күндіз +7 градусты көрсетеді.