|
21.11.2018 | 12:23
1652

Мәскеудегі Шереметьево әуежайында ұшақ ер адамды қағып кетті

Мәскеудегі Шереметьево әуежайында ұшақ ер адамды қағып кетті

Шереметьево әуежайынан ұшып бара жатқан «Мәскеу-Афины» бағытындағы ұшақ ер адамды қағып кетіп, мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шереметьево әуежайында Мәскеу-Афины бағытымен ұшқалы жатқан әуе кемесінің экипажы ұшып-қону жолағының бойымен қозғалып бара жатқан кезінде жергілікті уақыт бойынша сағат 20:10-да белгісіз затпен соқтығысқаны туралы хабар берген. Оқиға орнын тексеру фактісі барысында онда ер адамның өлі денесі, киімі және өзге де жеке заттары табылды», - деді әуежайдың қоғаммен байланыс дирекциясының басшысы Анна Захаренкова.

Оның айтуынша, оқиға орнына «Апаттар медицинасы» орталығы мен жедел  жәрдем бригадалары, авиациялық қауіпсіздік және көліктік полиция қызметтері дереу  келіп жеткен.

«Қаза болған ер адамның аты-жөні анықталды, ақпарат тиісті жедел  іс-шараларды өткізу үшін полицияға жіберілді» деп нақтылады ол.

Аталған факті бойынша тексеру жұмыстары басталды. Оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр. Прокуратура, сондай-ақ, Шереметьево әуежайындағы ұшып-қону жолағында ер адамның өлімінен кейін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заң талаптарының орындалуын тексеруді бастады.

Тексеру қорытындысы бойынша, негіздемелер бар жағдайда тиісті прокурорлық елеу шараларын қабылдау мәселесі шешіледі.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир