|
07.11.2018 | 12:28
12310

Қазақстанда чипі бар техпаспорттар 1 желтоқсаннан бастап беріледі

Қазақстанда чипі бар техпаспорттар 1 желтоқсаннан бастап беріледі

ҚР ІІМ көлік құралын тіркеу туралы жаңа куәліктерді беру мерзімін ауыстырды, олар биылдан бастап берілетін болды, деп хабарлайды Tengrinews.kzі «Колеса» порталына сілтеме жасап.

Жаңа құжат 2018 жылдың 1 желтоқсанынан біртіндеп беріле бастайды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің бұйрығында жазылған, ол 5 қарашада жарияланды. Құжатқа сәйкес, бұйрық шыққанға дейін берілген көлік құралын тіркеу туралы куәліктер көлік құралы қайта тіркелгенге дейін жарамды болып есептеледі.

Kolesa.kz Техпаспорттар қорғаныштың ультракүлгін элементтерімен және электронды микросхемамен жабдықталады, оған автокөлік тіркеуінің барлық мәліметтері жазылады.

Атап айтқанда:

1. мемлекеттік тіркеудің номерлік белгісі;

2. куәліктің сериясы және тіркеу номері;

3. куәліктің берілген күні;

4. марка, модель;

5. көліктің шыққан жылы;

6. көліктің категориясы;

7. есептен шығарылғаны туралы белгі (бұрынғыдай кесілмейді, тескішпен тесіледі - Kolesa.kz); 8. идентификациялық номер (VIN);

9. жүктемесіз салмағы;

10. қозғалтқыш көлемі;

11. рұқсат етілген масса;

12. көліктің түсі;

13. көліктің иесі;

14. көлік иесінің тұрғылықты мекенжайы;

15. ерекше белгілер;

16. бірінші тіркелген күн;

17. көлікті қайта жабдықтау туралы мәлімет;

18. өзге мәліметтер.

Бұған дейін полицейлер чипі бар техпаспорттардың 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап берілетінін айтқан.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир