Алматы метросының жұмысы түн ортасына дейін ұзартылды. Жолаушылардың өтінішін ескеріп, метрополитен әкімшілігі 12 қарашадан бастап жаңа жұмыс режиміне көшпек.
Енді жерасты пойыздары таңғы 6:20-дан түнгі 24:00-ге дейін қатынайтын болады. Ал келер жылы жолаушылардың ыңғайлылығы үшін ақпараттық дисплейлер орнатылады деп жоспарлануда. Онда келесі құрамның қашан келетіні көрініп тұрады.
Тағы бір ақпар, 24 қазанда Алматы метросына жаңа 8 электр пойызын жеткізу туралы келісімге қол қойылған болатын.