Жаңаөзендегі жарылыс: зардап шеккен отбасының қызы биліктен көмек сұрады

Жаңаөзендегі жарылыс: зардап шеккен отбасының қызы биліктен көмек сұрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жарылыс нәтижесінде үйі құлаған жаңаөзендік билік өкілдерінен көмек сұрап жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz «ЛАДА» сайтына сілтеме жасап.

Қыздың түсірген видеосын Маңғыстау тұрғындары WhatsApp мессенджері арқылы бір-біріне таратып жатыр. Кадрларда қыздың нұсқасы бойынша жарылыстың орын алу себебі айтылған. Ол биліктегілердің отбасын жарылысқа жол бергені үшін кінәлауға тырысатынын жеткізген. Себебі, олар қауіпсіздік техникасын сақтамаған және жарылыс қазандықта болған-мыс.

Ол қазандықта бәрі дұрыс екенін көрсетті. Оның айтуынша, жарылыс үйге іргелес құбырлардағы газдың шығып кетуіне байланысты орын алған. Отбасы билік тарапынан көмек алмайды екен, ол кадрлардан естіледі. Қыздың айтуынша, анасы мен ағасы ауыр жағдайда әлі де жансақтау бөлімінде жатыр.  

Еске сала кетейік, 16 қарашада Жаңаөзенде үй жарылып, үш адам зардап шеккен. Олардың екеуі жансақтау бөліміне түскен.

Новости партнеров