Қазақстанның энергетика вице-министрі ұсталды

Қазақстанның энергетика вице-министрі ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа екі айға қамалды. Бұл туралы бүгін Астана қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. Анықталғандай, қамауға алу санкциясы қарашаның 18-і күні берілген.  

«Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты күдікті Шкарупа Анатолий Валерьичке қатысты тергеу органының өтінішін қарастырып, оны екі ай мерзімге, яғни 2019 жылдың 16 қаңтарына дейін күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын санкциялады. Қылмыстық процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқан уақытта сотқа қатысты деректер жариялануға жатпайды», – деді Астана қалалық сотының баспасөз хатшысы Ботагөз БАЯНОВА.

Естеріңізге сала кетсек, еліміздің бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Ақордада 7 қараша күні өткен Қауіпсіздік кеңесінде энергетика вице-министрін бюджеттік қаржыны жымқырды деп айыптаған болатын. Оның 2015 жылы орталықтандырылған жылыту жүйесі атымен жоқ Сарань қаласында есептеуіш құрылғыларды орнатуға бөлінген 215 миллион теңгені қымқыруға қатысы бар деп мәлімдеді. Анатолий Шкарупа 2015-2017 жылдары аралығында аталған шаһардың әкімі болған.  



Новости партнеров