Қарағандыда тегін массаж жасатпақ болған әйел 800 мың теңгеден аса ақша қарыз боп қалған

Қарағандыда тегін массаж жасатпақ болған әйел 800 мың теңгеден аса ақша қарыз боп қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағандыда Тамара Вильман есімді әйел таяуда тегін массаж сеансына барған. Алайда артынша 1-топтағы мүгедек компанияға қыруар ақша қарыз болып шығыпты.

Тамара Вильман массаж креслосы, жастықтар мен көрпе үшін 200 мың теңге төлеген. Алайда тағы 600 мың теңгеден аса ақша қарыз болып шыққан, деп хабарлайды Stan.kz.

Әйелдің сөзінше, ол өзіне қажет емес тауарды қайтару үшін фирмамен байланыса алмаған.

Ал күні кеше жарымжан әйелге компания өкілдері келіп, ақшасын қайтарып беріп, өздеріне тиесілі тауарларды алып кетті. Сонымен қатар ешқандай шағымы жоқ екені туралы қолхат жазып беруін сұраған. Бұл жағдайдың осылай шешілгені Тамара Вильманның туған күнінің қарсаңында нағыз сыйлық болды.

«Мұншама ақша шығындалғаным үшін қайран қалдым. Ендігі бұл жағдай осылайша жақсы шешілгені үшін қайран қалып отырмын. Неше түрлі сұмдық болуы мүмкін екенін ойлап, осылай жақсы аяқталады деп күтпедім», – дейді Тамара Вильман.


Новости партнеров