|
28.09.2018 | 12:33
1801

Алдағы аптада Алматыда ​ауа температурасы​ +28 градусқа дейін көтеріледі

Алдағы аптада Алматыда ​ауа температурасы​ +28 градусқа дейін көтеріледі


Алматылықтар үшін қазан айының бірінші аптасы қолайлы болмақ. Себебі, термометр бағаны бұл уақыт аралығында +28 градусқа дейін көтеріледі. Бір апта бойы мегаполисте жауын жаумайды.

Дүйсенбі, 1 қазан күні термометр бағаны +28, түнде +12 градусқа дейін жоғарлайды. Күн ыстық болады.  

Сейсенбі, 2 қазанда ауа температурасы күндіз +25, түнде +5 градусты көрсетеді.

Сәрсенбі, 3 қазан күні термометр бағаны +22, түнде +8 градусқа дейін жоғарылайды.

Бейсенбі, 4 қазанда күн ашық болады. Ауа температурасы күндіз +2, түнде +9 градусты көрсетеді.

Жұма, 5 қазанда күн жылы, ауа температурасы +24, түнде +11 градусқа көтеріледі.

Сенбі, 6 қазан күні күндіз +24, түнде +10 градус күн жылы және бұлтты болады.

Жексенбі, 7 қазанда термометр бағаны күндіз +23, түнде +9 градус болады. Аспанды қара бұлт торлауы мүмкін. Дегенмен жауын-шашын болмайды.  

Ауа райы болжамы intellicast.com сервисінен алынған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

күн
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир