Алматыда жоғалып кеткен қыз бен жігіт таудан табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда Республикалық жедел құтқару жасағының қызметкерлері тауда адасып кеткен екі туристі құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
22 жастағы жігіт пен 15 жастағы жасөспірім Бутаков шатқалы арқылы жоғары шығып, қайтар жолдан адасып қалған. Кешкі 20:00 шамасында туристердің бірі жедел құтқару жасағының кезекшілігіне хабарласқан.
Құтқарушылар жасағы көп ұзамай оқиға орнына аттанды. Нәтижесінде 2 сағат ішінде адасқан жастар табылып, қалаға дейін жеткізілді.
Сонымен қатар, құтқарушылар Шымбұлақ курортынан шығып адасып кеткен қыз бен жігітті тауып алып, қалаға жеткізді.
ҚР ІІМ ТЖД ресми өкілі Руслан Иманқұлов тауға шыққанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.10.2026 08:20
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37