Алматы базарында кісі тонаумен айналысып жүрген күдіктілер ұсталды

Алматы базарында кісі тонаумен айналысып жүрген күдіктілер ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы полициясы базарда адам тонап, оңай олжамен күн көріп жүргендерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі ер адам Наурызбай ауданындағы базарға келушілерді соққыға жығып, қолдарындағы мүлкін тартып алып кетіп отырған.

«Күдіктілер көбінесе «Барлық» базарында түнде жортуылға шығып отырған. Зардап шеккен адамдардың арызынан соң полиция 19 бен 25 жастағы ер адамдарды ұстады. Олар Шымкент қаласы және Алматы облысының тумалары болып шықты. Тергеушілер олардың 3 қылмысқа қатысы барын анықтады», – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының басшысы Дінмұхамед Əуелхан.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы, 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Наурызбай аудандық полициясы осы адамдардың әрекетінен жапа шеккен адамдар болса, 254-44-64; 254-44-60; 254-44-64 нөмірлеріне хабарласуын өтінеді.


Новости партнеров