Денистің өліміне күдікті қыз оқиғадан соң Қапшағайға қыдырып, бейтаныс жігітпен жыныстық қатынасқа түскен

Денистің өліміне күдікті қыз оқиғадан соң Қапшағайға қыдырып, бейтаныс жігітпен жыныстық қатынасқа түскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда өтіп жатқан Денис Теннің өліміне қатысты қызықты деректер белгілі болды. Бұл туралы Денистің анасы Оксана Тен айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі сот залынан.

Сөмкені ашқанда анасы қара кепканы тауып алыпты. Денистікі деп ойлаған. Сосын ауруханаға келіп сөмкені ашып, иіскегенде Денистікі емес екенін түсінген. Себебі, кепкадан темекінің иісі шыққан. Сосын сол кепканы тергеушілер алып кеткен деп таңғалды анасы.

Оксана Теннің айтуынша, күдікті Толыбаева ісіне еш өкінбеген. Толыбаеваның қылмысты айтпағанынан бөлек, дәлелдерден құтылғысы келген.

«Бұның өзіне ауыр қылмыс тағайындалуы керек деп санаймын. Сен қажетті нөмірлер болған сөмкені лақтырып тастадың. Толыбаеваға тағайындалып отырған жазадан ауыр жаза берілуі керек деп санаймын», – дейді Денистің анасы.

Оксана Теннің айтуынша, Толыбаева оқиғадан соң достарымен Қапшағай көліне демалуға барып, бірінші кездескен жігітпен жыныстық қатынасқа түседі. Ешкімге ешнәрсе айтпастан көңіл көтеріп жүреді. Бұл оның өткен іске өкінбегенінен хабар береді.

«Сен ешкімге қылмыс жайлы айтпадың. Бұға еш өкінген жоқсың. Қыдырып жүре бердің. Қасыңдағы адамдарыңа ешнәрсе білдірместен көңіл көтердің, қажетті сим-карталарды лақтырып тастадың. Күдіктілердің ешқайсысы ісіне өкінбейді. Менен кешірім де сұраған жоқ. Сондықтан Толыбаеваға да ауыр жаза беруін қалаймын», – дейді Денистің анасы.


Новости партнеров