|
19.12.2018 | 12:56
1453

Головкин мен Альварес матч-реваншы жыл жекпе-жегі атануы мүмкін

Головкин мен Альварес матч-реваншы жыл жекпе-жегі атануы мүмкін

АҚШ журналистер ассоциациясы 2018 жылдың қорытындысы бойынша «Жыл боксшысы», «Жыл жаттықтырушысы» және «Жыл менеджері» атақтарына үміткерлердің тізімін әзірледі


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында өткен жекпе-жек АҚШ журналистер ассоциациясы құрастырған үміткерлер шорт-парағына енді, деп хабарлайды Sputnik.


Allboxing.ru басылымының хабарлауынша, бұл тізімде Деонтей Уайлдер мен Луис Ортис, Джарретт Херд пен Эрисланди Лара, Василий Ломаченко мен Хорхе Линарес және Алекс Сауседо мен Ленни Заппавинья арасындағы жекпе-жектер бар.

Ал «Жыл боксшысы» атағына ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усик, жеңіл салмақтағы WBA және WBO чемпионы Василий Ломаченко, жеңіл салмақтағы WBC чемпионы Майки Гарсия, жартылай ауыр салмақтағы WBO чемпионы Теренс Кроуфорд, сондай-ақ, бірінші жартылай орташа салмақтағы WBO чемпионы Морис Хукер үміткер.

Ал «Жыл жаттықтырушысы» атағын Анатолий Ломаченко (2017 жылы «Жыл жаттықтырушысы» атанған болатын), Джей Диз, Роберт Гарсия мен Деррик Джеймстің біреуі иеленуі мүмкін.

«Жыл менеджері» атағын иемденуге Эгис Климас, Кит Коннолли, Чепо Рейносо және Сэм Катковский үміткер.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Головкин
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

Прямой эфир