Шымкентте үшем дүниеге келді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкент қаласында үшем дүниеге келді. 35 жастағы бақытты ана Динара Нәлібаева екі ұл мен бір қызды дүниеге әкелді. Осылайша, жыл басынан бері Шымқалада үшінші үшем жарық дүние есігін ашты, деп жазады Отырар кз.
Осман, Омар, Зейнеп есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты. Бүгін перзентханадан шығарылады деп күтілуде. Үшем қарашаның 24-інде, 33 апталық кезінде ота тәсілімен туылған.
Нәрестелердің туған кездегі салмақтары 1300-1700 грамм, бойлары 38-40 см болыпты. Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, әрқайсысы 2600 грамм тартады екен. Динара Нәлібаеваның бұған дейін тағы екі қыз, бір ұлы болған, осылайша жас ана алты баланың анасы атанып отыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
11.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
11.11.2026 18:53
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Елордадағы қайғылы оқиға: көз жұмған қыздың бірі күзде көшіп келген
10.11.2026 19:11