|
09.10.2018 | 13:34
2785

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі 10 мың бала мектепке мүлдем бармайды - министр

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі 10 мың бала мектепке мүлдем бармайды - министр

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова инклюзивті білім беру саласын жақсарту жұмыстары жөнінде баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, бүгінгі күні 147 мыңнан астам бала ерекше білім беру қажеттіліктеріне тәуелді.

«Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2019 жылға қарай мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың 30%, орта білім беретін ұйымдардың 70% сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 40%-інде инклюзивті білім беру жағдайларын жасау жоспарға алынған», - деп атап өтті министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, балабақшалардың 15% және мектептердің 55%-да инклюзивті білім беру жағдайлары жасалған, оларда ерекше білім беруді қажет ететін 40 мыңнан астам бала оқып, тәрбиеленіп жатыр.

«Сонымен қатар, арнайы баяндамашы Каталина Девандас Агилар жалпы білім беретін мектептерге бекітілген 10 000 мүгедек бала іс жүзінде үйде оқитынын және мектепке мүлдем бармайтынын атап өтті», - дейді министр.

Осыған байланысты, министр Әбілқасымова Білім және ғылым министрлігіне инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында кадрлардың жетіспеушілігі, жүйені әдістемелік қамтамасыз ету, кедергісіз орта құру шеңберінде білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту сияқты мәселелерді шешу қажеттігін ескертті.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир