Референдумға дейін:
9
күн
13
сағат
0
минут

Алматыда бірқатар автобус бағыты өзгерді

Алматыда бірқатар автобус бағыты өзгерді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда бірқатар автобус маршруттары жабылып, өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл өзгерістер Citybus мобильді қосымшасында жарияланды. Атап айтқанда, 49-маршрут кестеден алынып тасталды. Ал 34-маршруттың қозғалысы өзгертілді. Ендіге кезекте жолаушылар Орбитаға дейін жетпейді, Мега-орталық жанындағы Қожабеков көшесіне дейін жетіп тоқтайды.

Сонымен қатар, 73-маршрут бағыты ұзартылды. Енді 73-автобус Балтабаев көшесінен Алматы-1 вокзалына дейін баратын болады.

№11 автобус маршруты «Асыл Арман» шағын ауданынан бармайды, оның орнына 16 маршрут қызмет етеді.

«49-маршрут 11 маршрутты қайталайтын болған соң алынып тасталды. Ал 11-маршрут автобустары енді Абай саяжайларына дейін ғана қатынайтын болады»,- деді баспасөз қызметінен.


Новости партнеров