Қазақстанда туристік полиция құрылуы мүмкін

Қазақстанда туристік полиция құрылуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Ішкі істер министрлігі «туристік полицияны» құруды ұсынды. Бұл жайында Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір туристік саланы қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу жөнінде Мәдениет және спорт министрлігімен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз. Осы орайда, болашақта «туристік полицияны» құру бағыты тақылануда. Олар туристермен тікелей жұмыс істейді. Бұл тұрғыда тиісті қызметтер ескерілмек. Атап айқанда, бүгінде халықаралық тәжірибені зерделеудеміз», – деді М. Қабденов.

Сонымен қатар, депутаттар тарапынан келетін туристерге қатысты құқыққорғау органдары қызметкерлерінің әдебі мен мәдениеті бойынша көтеріліп жүрген сыни пікірлер туралы сұрақ қойылды.

«Құқыққорғау құрылымдарының қызметі туралы кейбір теріс пікірлерге тоқталып өтейін. Шынымен де, осындай жағдайлар орын алған, алайда ол жаппай сипатқа ие емес. Полицейлер жол берген жекелей бұзушылықтар бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметтік тексеру жүргізеді. Бұл ретте қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Негізінен, теріс пікірлерге қарағанда, қызметкерлердің қызметіне қатысты оң көзқарастың үлесі басым», – деді Мұрат Қабденов.

Үкімет сағатында сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстанға репродуктивті медицина үшін келетіні айтылды.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының сөзіне қарағанда, Қазақстан ТОП-10 туристік нысандарын инвесторларға таныстырады.

Сонымен қатар, 2019 жылы Қазақстанда әуе билеттерінің құны арзандауы мүмкін.


Новости партнеров