Семейде жұмысшылар мен жүк көлігін жалдап, үй тонаған күдікті анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Семейде жұмысшылар мен жүк көлігін жалдап ұрлыққа түскен 30 жасар азамат қолға түсті, деп хабарлайды Алтайньюс.
Ол Уәлиханов көшесі бойындағы бір үйдің ауласына жинап қойған металл бұйымдарды жұмысшыларға тиеткен. Онымен қоймай, Мамай батыр мен Найманбаев көшелеріндегі үйлердің ауласынан да көлікке темір артқызған.
Ол ұрлатқан заттардың жалпы сомасы 450 мың теңге шамасында екен.
Жалданып жұмыс істегендер өздерінің ұрлыққа түсіп жатқанынан бейхабар болыпты.
Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сай сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33