Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған түркиялықты Алматыдан депортациялау мүмкін болмады

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған түркиялықты Алматыдан депортациялау мүмкін болмады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Түркия азаматын жер аударту мүмкін болмай отыр. Өйткені, қалалық полиция оның дәл қазір қайда жүргенінен бейхабар болып шықты.

Есте болса, осыған дейін Әуезов ауданының Полиция басқармасы Әли Демирді елден шығаруды талап етіп, сотқа азаматтық шағым түсірген еді. Себебі, түркиялық азамат осыған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандықтан, көші-қон заңын бұзған. Дегенмен, 22 қараша күнгі өткен процесте шетелдік азамат төбе көрсетпеді. Оған қоса, бүгінге белгіленген отырыста да болмады. Сондықтан, жағдай анықталғанға дейін іс қараусыз қалды.  

«Алматының №2 Әуезов аудандық сотына Алматы қаласы Әуезов ауданы Полиция басқармасының өкілдерінен арыз түсті. Онда арыз беруші соттан Түркия азаматы Әли Демир Эбузерді Қазақстан Республикасынан шығару туралы азаматтық істі қараусыз қалдыруды сұрады», – деді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Дияс МАХАМБЕТОВ.

Еске сала кетсек, Алматыда 18 қыркүйекте Али Демир науқасты ауруханаға алып бара жатқан жедел жәрдем көлігінің қозғалысына кедергі жасап, жүргізушіні соққыға жыққан болатын. Көп ұзамай полицейлер оны қолға түсіріп, қылмыстық жауапкершілікке тартты. Десе де, іс екі тараптың татуласына байланысты тоқтатылған еді.  



Новости партнеров