Қазақстанда екпе салдырмаған балаларды мектеп қабылдамауы мүмкін. Мұндай ұсынысты Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева жасап отыр, деп хабарлайды Алтайньюс.
Вице-министр екпе салынбаған балаларды мектепке қабылдамауды ұсынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.
Ұсыныс әзірге талқылануда. Егер ол қолдау тапса, балаларға екпе салдыру заңмен міндеттелетін болады.
Мұндай қадам жасауға жыл сайын екпеден бас тартқан адамдар санының артуы себеп болған көрінеді. Мысалы, ағымдағы елімізде 14 мың адам екпе салдырудан бас тартыпты, олардың ішінде екі мыңнан астамы мүлдем екпе салдырмаған. Вице-министрдің айтуынша, екпе салынбаған балалар жанындағылардың денсаулығына қауіп төндіреді екен.