Шымкентте мектептен үйге келе жатқан оқушы қызды зорлап кетті

Шымкентте мектептен үйге келе жатқан оқушы қызды зорлап кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаға ұстатарлық оқиға күндіз мектеп маңындағы қараусыз жатқан үйде болған


Шымкенттің полиция департаменті кәмелетке толмаған қызды зорлау бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 5 қаңтарда жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызын зорлап кетті деп арызданған.

Белгілі болғандай, Шымкенттегі ауылдардың бірінде мектепте өткен жаттығудан кейін үйіне келе жатқан 9 жасар қызды белгісіз біреу зорлап кеткен.

Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіні ұстау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

Полиция зорланды деген қыздың әке-шешесінің қазіргі жағдайы мен оқиғаға байланысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр.

Қылмыстық іс қалалық полиция департаменті мен прокуратураның бақылауында.

Бұған дейін Шымкентте ерлі-зайыпты балабақшалардың бірінде 3 жасар қызының зорланғанын мәлімдеген еді.


Новости партнеров