|
14.12.2018 | 15:58
2292

Алматыда жалғызбасты аналарды алдап келген алаяқ ұсталды

Алматыда жалғызбасты аналарды алдап келген алаяқ ұсталды

Алматыда оңай жолмен пайда таппақ болған алаяқ ұсталды. Ол баспана алу үшін жеңілдікпен несие алып беремін деп, тек жалғызбасты аналарды ғана алдап келген.  Осы қызметі үшін ол әр адамнан 36 мың теңге көлемінде алып отырған.

«– Қалай әрекет еттіңіз? – «Дамудан» ақша алып беремін деп елдерді алдадым... – Сонда ақшаны не үшін алып беремін дедіңіз? «Дамудан» бизнес ашқанға деп пе? – Жоқ, үй алып беремін дедім...»

Қазір сериялы қылмыс жасаған күдіктінің үстінен 6 адам шағым түсірген. Бірақ қалалық Полиция департаменті жәбірленушілердің саны одан да көп болуы мүмкін екенін айтады. Ал алданғандар болса құзырлы органга хабарласуын сұрайды.

«Қылмыстық кодекстің 190-ы бабының 4-тармағы бойынша іс қозғалып, қазіргі таңда ол азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды, іс материалдары міндетті түрде сотқа жіберілетін болады. Ол өзі Алматы облысының тұрғыны. Анық болғандай, ол азаматты Алматы облысы Панфилов аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері іздестіру үстінде екен. 2013 жылы ол тонау ісін жасаған», – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир