Қазақстанда 1 қаңтардан бастап 16 жасқа толған балалардың паспорты болуы тиіс

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап 16 жасқа толған балалардың паспорты болуы тиіс
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық балалардың шетелге шығатын паспорты болуы тиіс.

Келер жылдан бастап ата-аналар шетелге шығу үшін құжатқа балаларының суретін жабыстыра алмайды, деп жазады  Sputnik.

Заңға енген өзгеріске сәйкес, әлемдік талапқа сай террориз мен экстремистік қауіптің алдын алу мақсатында осындай талап қойылды. Бұл ереже көп елде қолданылатын болады.

Көп елдің кедендік постында адамды нақтылау үшін сандық суретін қолданады. Саусақ ізін алып, көз жанарымен тексереді.

Енді Шенген аймағындағы европа елдері, АҚШ; БАӘ-де 16 жасқа толғандардан арнайы паспорт талап етеді.  

Қазақстанда 2018 жылы енген жаңа салық заңына сәйкес, шекара паспортының құны екі есеге өсті. Бұған дейінгі тиісті 9 076 теңге, 19240 теңгеге жетті.


Новости партнеров