|
27.12.2018 | 15:06
1911

85 жастағы қария миллион доллар ұтып алды

85 жастағы қария миллион доллар ұтып алды

АҚШ тұрғыны әйелінің қатерлі ісіктен толық емделгенін білген соң қомақты ұтысқа ие болды, деп жазды stan.kz.

21 желтоқсан күні Нью-Джерси штатының тұрғыны 85 жастағы Гарольд Макдауэлл әйелінің ағзасында қатерлі ісік торлары қалғанын біледі. Әйелі бауыры мен ішегінің қатерлі ісігі үшін бірнеше ота жасатады. Ал, сенбі күні жолдасы Атлантик-Ситиде казиноға аттанып, 1 млн доллар ұтып алды.

Зейнеткер покер ойнап, 5 доллар тігеді. Оған флэш-рояль бубен түскен. Бұл 20 млн жағдайдың бірінде ғана кездеседі.

Зейнеткер казиноға әйелімен бірге барған. Күйеуі әйеліне жеңісі жайлы айтқанда ол жаман сөздер айтып айқайлап жіберіпті.

«Мен ессіз адам секілді отырып қалдым», – дейді қария.

Қария қомақты ақшадан да әйелінің денсаулығы маңызды екенін атады. Ақшаны балаларына бермек, жартысына әйелі екеуі саяхатқа шықпақ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

ұтыс
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир