|
07.12.2018 | 15:07
3142

Алматының бірқатар көшесінде көлік қозғалысының жылдамдығы шектеледі

Алматының бірқатар көшесінде көлік қозғалысының жылдамдығы шектеледі

Алматының бірқатар көшесінде көлік қозғалысы жылдамдығына шектеу енгізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаладағы көше атауларының жиі өзгеруіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы еліміз бойынша жол апаты, соның салдарынан өлім-жітім  бойынша бірінші орында тұрғаны құпия емес. Жол бойындағы адам өлімі жүргізушілердің жылдамдық режімін бұзу салдарынан жиі орын алып жататындығын білесіздер. Сондықтан түбегейлі шаралар қабылдау қажеттігі туындап отыр. Сондықтан өткен жылы орталық көшелерде бір бағыттағы қозғалыс енгізіліп, жылдамдық сағатына 40 шақырымға шектелді», - деді Бауыржан Байбек.

Әкімнің дерегінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде мәселен, Құрманғазы көшесі бойындағы жол-көлік апаты 41 пайызға, ал Шевченко көшесінде 4 есеге қысқарған.

«Сондықтан сарапшылар мен қоғамның негізгі бар талаптарын ескере отырып Әл-Фараби, Саин және шығыс айналма жолында сағатына 60 шақырымға дейін шектеу енгізіледі. Бұған дейін сағатына 80 шақырым болған. Бақылау жасау үшін 142 «ақылды» бекеттегі көрінбейтін аймаққа камералар орнатылады. Жылдамдықты небәрі сағатына 20 шақырымға төмендету арқылы ондаған өмірді құтқарып қалуға болады», - деді Бауыржан Байбек.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир