Алматы жылу магистралінде болған апаттың салдары толық жойылды

Алматы жылу магистралінде болған апаттың салдары толық жойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы жылу магистралінде орын алған ірі апаттың салдары толығымен жойылды. Жерасты магистралі  құбырлар ескіргендіктен жарылған. Жарамдылығы 25 жылға есептелген құбырлардың ауыстырылмағанына 30 жыл болыпты.

Еске салайық, өткен түнде қаладағы Мамыр шағынауданының, сондай-ақ Жандосов, Тепличная және Цветочноя көшелеріндегі бірнеше көпқабатты үй ыстық сусыз және жылусыз қалған болатын.

«Кеше кешкісін қаладағы 200-ден астам нысан жылудан ажыратылды. Бірақ артынша-ақ, түн ортасында 103 нысан басқа жылу магистраліне қайта қосылды. Яғни, тұрғын үйлердің жартысында жылу мен ыстық су болды. Кешкі сағат 8-дерде бізге хабар түсе салысымен төтенше жағдай орын алған жерге шұғыл бригада барып, апаттың нақты қай жерде болғанын анықтауға кірісті. Ал таңғы сағат 6-лар шамасында ақау кеткен жерді тауып, қалпына келтірді», – деді Алматы қаласының Жылу энергетикалық кешені және ТКШ кәсіпорындарының ресми өкілі Ян ГИРИН.

Алматыдағы жылу құбырларының 60 пайыздан астамының тозығы жеткен. Жыл сайын қалада орта есеппен 15 шақырым жылу магистралі жаңартылады.


Новости партнеров