Алматыда туристік хаб ашылды

Алматыда туристік хаб ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда еліміздегі алғашқы туристік хаб ашылады. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында орналасқан кеңістікте саяхаттауды жаны сүйетіндер үшін түрлі сервистер шоғырланған.

Ұлттық стильде безендірілген жеті танымдық аймақта саяхатшылар өзіне керекті кез келген ақпаратты ала алады. Яғни, бұл соңғы жаңалықтардан хабардар болып, қызықты шаралардан қалып қойғысы келмейтін әр турист үшін таптырмас орын болмақ. Сонымен қатар, мұндағы мамандар саяхатқа бірге шығатын адам тауып, автобустарға билеттер сатып алуға көмектеседі.

Хаб тек сырттан келетін ғана емес ішкі туристерге де арналған дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, жыл басынан бері елімізге 3 миллионнан аса турист келген.  

«Хаб үшін Балуақ Шолақ атындағы спорт сарайының таңдалуы тегін емес. Ғимарат сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады әрі қолайлы жерде орналасқан. Бұл жерге келетін қонақтар метро, автобус, троллейбус немесе велосипедпен де жетуіне болады. Мұндағы хабта 6 туристік компания орналасады. Яғни, туристер осы жерден билет алып, Алматының немесе Қазақстанның кез келген нүктесіне сапарға шығып кете алады», – деді «VisitАlmaty» туристік ақпараттық орталығының директоры Едіге МАРҒҰЛАН.


Новости партнеров