|
05.11.2018 | 19:23
1923

Алматының қай ауданында тұрғын үй бағасы қымбаттады?

Алматының қай ауданында тұрғын үй бағасы қымбаттады?

Қазақстанда қазан айында тұрғын үй бағасының қымбаттауы байқалды. Көштің басын Петропавл, Өскемен және Көкшетау қалалары бастап тұр. Онда бағаның өсуі шамамен, 3-5 пайыздың аралағында екен. Ал жылжымайтын мүлік нарығында Қарағанды, Семей, Тараз қалаларында баға тұрақты дейді сарапшылар. Біз риэлторлар қауымдастығынан Алматыдағы тұрғын үй бағасының қазіргі жайын білу мақсатында Қазақстан Біріккен риелторлар қауымдастығы директорлар кеңесінің мүшесі Орынбасар Тәжібайұлы САТАЕВ мырзаны сөзге тартқан едік.

– Орынбасар Тәжібайұлы, мегаполистегі үйлерде қымбатшылық байқалды ма?  

– Алматы қаласы бойынша баға көтерілді деген қауесет сарапшылардың көбі айтқан кешегі тамыз, маусым айларындағы баға көтерілуінің буынан тараған шығар деп ойлаймын. Ал біздің статистика бойынша Алматыда баға жалпы, бірқалыпты. Мамыр айында 340-370 мың теңгенің арасы болса, қазір де баға пәтерлерге тұрғын үйлердің бағасы орташа есеппен, бір шаршы метріне 340-370 мың теңге баға ұсталып тұр. Тамыз айында 370-375 мың теңгеге барды. Ол жылдық маусымдық көтерілу. Бүгінде Алматыдағы Наурызбай ауданында бағаның күрт өскенін байқап отырмыз. Оның себебі, көктемде 1 шаршы метрі 290 мың теңге болса, қазіргі бағасы әр шаршы метріне 330-340 мың теңге. Оның себебі, Наурызбай ауданы – Алматыдағы жаңа аудан. Ол аудандағы үйлердің көбі бірқабатты жеке үйлер. Көпқабатты тұрғын үйлер жетіспейді. Сондықтан Наурызбай ауданына жаңа пәтерлерге сұраныс көп, сол үшін ол ауданда жаңа үйлер көбірек салынып жатыр.  

– Мемлекеттік бағдарламалардың тұрғын үй бағасына әсері қандай? Сатушылар ұтымды сәтті пайдаланып, бағаны өсіріп жатқан жоқ па?  

– Мамыр, сәуір айында өздеріңіз білесіздер, Елбасы жолдауынан кейін жылжымайтын мүлік нарығында бір-екі ай бойы тыныштық сақталды. Ал кейін шыққан бағдарламалар талаптары белгіленгеннен кейін қалалардағы тұрғын үй бағаларына, алатын адамға шектеу қойылды. Талаптары өте жақсы, білімді жасалды. Сондықтан бұл нарықта бағаның күрт өзгеруіне қатты әсерін тигізген жоқ.

– Жалпы, тұрғын үйдің бағасы неден құралады? Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығы валюта бағамына тәуелді ме?  

– Долларға тәуелді деп айту біздің санамызға жатталып қалған сияқты. Жалпы, менің ойымша, нарықтағы баға 90 пайызға долларға тәуелді емес. Құрылыс компанияларының барлығы құрылыс материалдарының 80-90 пайызында отандық өнімдерді қолданады. Сондықтан доллардың көтерілуі жаңа үйлерге, құрылысы жүріп жатқан үйлерге қатты әсер етпесе, сәйкесінше, екінші нарықтағы үйлерге де әсер етпейді. Доллар аздап көтерілсе болды, құрылыс иелері бағаны ұстап, сатпай отырады немесе аздап көтере бастады. Бірақ 1-2 айдан кейін, яғни бәрі тұрақталғаннан кейін әр шаршы метріне сол бұрынғы орташа есеппен сатылымды жалғастыра береді.

– Орынбасар Тәжібайұлы, рахмет.


Жадыра Омардан, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир