Алматыда қайырымдылық асханасы ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы қаласындағы Орталық мешіттің және қолы ашық азаматтардың ұйытқы болуымен «УАҚЫП» асханасы ашылды, деп жазады Бақ.кз.
Muftyat.kz сайтының жазуынша, «УАҚЫП» асханасы аптасына бес күн әлеуметтік аз қамтылған 100-120 адамға үш мезгіл тегін тамақ беріледі. Сондай-ақ, күніне бір кірген адам қайта кіру мүмкіндігіне ие. Келушілер асханаға Алматы Орталық мешіті жанындағы «Ихлас» қайырымдылық қауымдастығынан алынған арнайы талондары арқылы ғана кіре алады.
Асхананың ашылуына ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкілі Еркінбек қари Керімбекұлы, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Есенбеков және басқа да айтулы азаматтар қатысты. Олар игілікті іске сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
30.10.2026 18:15
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
30.10.2026 08:10
Адам жанына жайлы қала: Алматы қалай көркейіп келеді
29.10.2026 18:30
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31