Халықтан кек алу үшін 15 адамды қағып өлтірген ер адам өлім жазасына кесілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қытайдың Хэнъян қаласында орта сатылы халық соты 15 адамды қағып кетіп, мерт қылған жүргізушіні өлім жазасына кесті.
Бұл туралы «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Оқиға 12 қыркүйекте орын алған. Жол талғамайтын көлікті тізгіндеген Ян Цзаньюнь жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. салдарынан 15 адам мерт болып, тағы 43-і зардап шеккен. Белгілі болғандай, ол бұған дейін бірнеше рет сотты болған және осылайша қоғамнан «кек алмақ» болыпты.
«Хэнъян қаласының орта сатылы халық соты аса қауіпті әдіспен қоғам қауіпсіздігіне қауып төндіреді деп айыпталған Ян Цзаньюннің ісіне қатыс тыңдалым өткізді. Сот залында үкім оқылды. Ян Цзаньюнь қылмысы үшін өлім жазасына кесілді», – делінеді сот залында.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
11.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
11.11.2026 18:53
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Елордадағы қайғылы оқиға: көз жұмған қыздың бірі күзде көшіп келген
10.11.2026 19:11