Биыл қыс аязды болады – Қазгидромет

 Биыл қыс аязды болады – Қазгидромет
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2018 жылғы 15 қазанда Орталық коммуникация қызметінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Қазгидромет» РМК алдағы қысқы кезеңдегі ауа райы болжамына арналған брифингі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Гидрометорталықтың директоры Марина Шмидт пен Гидрометорталықтың Ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы Гүлмира Акишева спикерлер ретінде болды.

Брифинг барысында Гидрометорталықтың Ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы Гүлмира Акишева, алдын ала болжам бойынша қараша айында синоптикалық процесстердің жиі алмасуына байланысты күн райы құбылмалы болып, аязды және жылы күндер алма кезек ауысып жауын-шашынды, ұйытқымалы жел соғып, түнгі және күндізгі уақыттары тұман басып, жолдарда көктайғақ орнайтынын хабарлады.

Қарашаның бірінші, екінші және үшінші онкүндіктерінің ортасында, аяз кәдімгідей сезіледі: Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 10...20 аязға дейін, күндіз 5...10 аязға төмендесе, оңтүстік жартысында түнде 5...10 аязға, күндіз 0...5 аязға төмендейді.

Гидрометорталықтың директоры Марина Шмидт атап өткендей, ұзақ мерзімді консультативтік болжамға сәйкес (дәлдігі 55-60%), келе жатқан қыс Қазақстанда суық және жауын-шашынның жауатын мөлшері нормаға сәйкес күтіледі.

Желтоқсан айында суық антиклонның жиі енуіне байланысты ауаның орташа айлық температурасы 1 °С төмен және қар аз жауады деп күтілүде. Тек еліміздің батыс және шығыс өңірлерде температуралық фон нормаға жуық және жауатын қардың мөлшері солтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс, оңтүстік облыстарының кей жерлерінде, сонымен қатар оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтардың тау және тау-бөктерлі аймақтарда нормаға жуық жауады.

2019 жылғы қаңтар айында Сібір антициклонының орнауымен еліміздің көптеген өңірлерінде саршұнақ аяз орнап, қар аз жауады. Тек еліміздің батыс және оңтүстік аймақтарда қыс айтарлықтай жұмсақ болады және  жауатын қардың мөлшері батыста, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарының тау-бөктерлі аймақтарының кей жерлерінде мөлшерге жуық күтілуде.

Ақпан айында суық ауа массаларының енуіне байланысты ауаның орташа айлық температурасы 1...2 °С төмен болмақ, тек оңтүстік-шығыс аймақтарда  климаттық нормаға сәйкес болжануда. Жауатын қардың мөлшері еліміздің батыс және онтүстік-шығыс облыстарында, сонымен қатар, онтүстік және шығыс тау және тау бөктерлі аймақтарының кей жерлерінде  мөлшер шамасында күтіледі.

Күнтізбелік көктемнің басталуы орташа көп жылдық мерзімінде күтіледі, суық және жылымық күндер алма-кезек ауысатына байланысты құбылмалы болады, сондай-ақ көп мөлшерде жауын-шашын жауады.

Ауаның орташа айлық температурасы мөлшерден 1°С жоғары күтіледі, тек батыс, онтүстік және онтүстік-шығыс аймақтарда нормаға сәйкес болмақ.

Наурыз айында жауын-шашынның айлық мөлшері нормадан көп деп күтіледі, тек онтүстік-батыс және онтүстік-шығыс аймақтарында қалыпты болады деп болжам жасалып отыр.

2018 жылғы қараша – 2019 жылғы наурыз аралығына арналған консультативтік ауа райы болжамы ТЖ қызметіне және жергілікті атқарушы органдарына қыс аралығына дайындық үшін жолданған болатын.

Спикерлер атап өткендей, маусымдық болжам 55-60% дәлелділікпен консультациялық сипатта беріліп отыр, ол кейіннен айлық, онкүндік ауа райы болжамдарымен және осыдан қысқамерзімді болжамдармен нақтыланатын болады.


Новости партнеров