Алматыда полиция көлігі отқа оранды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда полиция көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Жарияланған видеоның сипаттамасында көліктің Хмельницкий мен Майлин көшелерінің қиылысында өртенгені жазылған.
Осы мәліметті ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің өкілдері растады.
Патрульдік көліктің өртеніп жатқаны туралы хабар 12:50-түскен. Оқиға орнына Алматы төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамның төрт маманы мен бір өрт сөндіру техникасы жіберілді. Өрт 12:53-те ауыздықталып, 12:59-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52