Алматының бірқатар аудандарына суық су беру тоқтатылады

Алматының бірқатар аудандарына суық су беру тоқтатылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Су құбырындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына  байланысты 24 қыркүйек күні кешкі сағат 20:00-ден бастап Рысқұлов даңғылынан төмен орналасқан Алатау, Жетісу, Түрксіб аудандарындағы тұрғын үйлер мен нысандарда ауыз су уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Алматы су» МҚМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Елді мекендерді ауыз сумен қайта қамтамасыз ету жұмыстары 26 қыркүйек күні сағат 10:00-ден басталып, суық суды толығымен түстен  кейін тұтынушыларға жеткізу  жоспарланып отыр. Тұтынушылар мен әлеуметтік мекемелерге арнайы 23 су тасығыш көліктері бөлінген. Аталған жұмыстар қаланың төменгі бөлігіндегі тұрғын үйлерді, стратегиялық нысандарды үздіксіз сумен жабдықтауға мүмкіндік туғызбақ», делінген хабарламада.

Талғардың су құбырлары (төрт су желілері Д-1200-1400мм  бар)Талғардағы жер асты су қойнауынан алынатын суды тасымалдауға,  60 жылдардың басында пайдалануға берілген.

Бұл су құбырлары арқылы Алатау, Түрксіб, Жетісу аудандарында  орналасқан біршама  тұрғын үйлер, ТЭЦ-1 және ТЭЦ -2 секілді стратегиялық нысандар сумен қамтамасыз етіледі. Алматы қаласын сумен қамтамасыз етуге Талғар су құбырлары арқылы жеткізілетін жылдық су көлемі 25%-27% құрайды.

Соңғы 50 жыл ішінде бұл су құбырларында жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, су ілмектерінің тозығы жеткендіктен, төтенше жағдайлардың  алдын алу мақсатында ауыстыруды қажет етеді.

Мекеме туындап отырған жағдайға түсіністікпен қарап, ауыз суды алдын ала қажетті көлемде жинап қоюды сұрайды.



Новости партнеров