Батырхан Шүкенов атындағы шәкіртақының иегерлері белгілі болды

Батырхан Шүкенов атындағы шәкіртақының иегерлері белгілі болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Комиссия Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен берілетін Батырхан Шүкенов атындағы шәкіртақыны иеленген бес адамның есімдерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

500 мың теңгелік атаулы стипендияға Серік Арғымберді, Артур Бемм, Анна Данильченко, Мәди Мәдениетов пен Эльвира Ропперт ие болды. Олардың бәрі де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аспаппен орындау факультеті бакалавриатының студенттері.

«Біз қазақстандық музыканттардың үлкен әлеуетіне сенеміз және оларды қолдауға әзірміз. Бұл пилотты жоба болғанымен, біз оның географиясын кеңейтіп, еліміздің әртүрлі облыстарындағы жаңа есімдерді анықтағымыз келеді», - дейді Батырхан Шүкенов атындағы Қордың директоры Наргиз Шүкенова.

Батырхан Шүкенов Қазақ ұлттық консерваториясының саксафон сыныбы бойынша алғашқы түлектердің бірі. Міне, сондықтан аталмыш аспапты оқитын екі студентке шәкіртақы берілді.

«Ленинградтан қайтып келгеннен кейін Батыр конверваторияға оқуға түсті», - дейді Наргиз.

«Ол кезде рухани бөлім болғанымен, саксафон сыныбы жоқ болатын. Бибігүл Төлегенова осы ретте көмек қолын созып, ректор Ғазиза Жұбановамен сөйлесіп, ақыры бір студент бар болғандықтан, саксафон сыныбы ашылған еді. Міне, бір кісінің ғана дарыны мен жігері қаншалықты еңбекті атқаруға мүмкіндік беретінін көре беріңіз. Бірақ, бұл ретте жас жігіттің дарынын көре білген кісілердің еңбегін ерекше атап өту керек».

Іріктеу комиссиясының құрамына Батырхан Шүкенов атындағы Қордың қамқорлық кеңесінің төрағасы, оның туған бауыры Бауыржан Шүкенов, Болат Өтемұратов атындағы Қордың директоры Марат Аймағамбетов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, профессор, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аспапен орындау факультетінің деканы Жанат Ерманов және Батырхан Шүкенов атындағы Қордың директоры Наргиз Шүкенова енді.

Барлық қатысушылар таңдау бойынша музыкалық орындауларының видеожазбаларын жіберген болатын. Осылайша, төрешілер қатысушылардың орындаушылық дарынын, шеберліктері мен әртістігін бағалауға мүмкіндік алды. Финалдық кезеңге 15 адам жеткен. Екі қордың басшылығы алдағы уақытта ағаштан жасалған рухани аспаптарда ойнайтын өнерпаздардың республикалық байқауын өткізуді, Батырдың қазақ тіліндегі әндерінің нотадағы таспасын шығаруды жоспарлап отыр.  

Новости партнеров