Қостанайда массаж деп жыныстық қатынас ұсынатын қыздар ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанайлық полицейлер облыс орталығы мен Рудный қаласында жезөкшелер ордасын ұйымдастарды деген күдікке ілінгендерді тұтқындады, деп хабарлайды NUR.KZ Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы облыстың ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы міндетін атқарушы полиция майоры Бахтияр Бабағалиев брифинг барасында мәлімдеген.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары 30 және 35 жастағы азаматтарды ұстады.
Полицейлер «тай массажы» салонының атын жамылып, ақшаға жезкөкшелік қызмет көрсеткен ұйымды анықтады.
Оған қоса, қомақты қаржы үшін жыныстық қатынасқа түскен 15 бойжеткен ұсталды.
Қазіргі таңда, оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33