Алматыда шешендік өнерді насихаттайтын республикалық байқау өтті

Алматыда шешендік өнерді насихаттайтын республикалық байқау өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Асыл сөздің мәйегі – шешендік өнер насихатталды. Сенбі күні республиканың түкпір-түкпірінен келген мектеп оқушылары би-шешендердің даналықтарын жатқа оқыды.

Үш кезеңнен тұратын байқауға 8 бен 11-сынып аралығындағы 27 оқушы қатысты. Іс-шараны «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры» мен Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты бірлесіп ұйымдастырған.  

«Бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты – жаһандану заманындағы жастардың, бабалардың бізге қалдырған өнегелі өсиетін, би-шешендердің шешендік толғауын, ғибратты шығармаларын қаншалықты деңгейде танып білді, ана тілін қаншалықты деңгейде анықтады, сөз биігіне қай деңгеде сусындады, соған жауап іздеу. Бұл бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Құдай қаласа, сәтті өтсе, байқау ары қарай дәстүрлі түрде жалғасын табатын болады», – дейді «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» қызметкері Жарқын СӘЛЕНҰЛЫ.


Новости партнеров