Теміртауда әйелді лифт ішінде өлтіріп кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Теміртау қаласында туристік фирмада қызмет еткен 32 жастағы әйелдің өлтірілу фактісі бойынша сот алдындағы тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аймақтық ІІД мәліметінше, аталған іс ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімімен (Адам өлтіру) қарастырылып отыр. Тергеу барысында полицейлер Теміртаудың 37 жастағы тұрғынын ұстады.
Қылмысын мойындаған әйел қазіргі кезде уақытша оқшаулағышқа қамалды.
Тергеу амалдары жалғасуда және ол департамент басшылығының бақылауында.
Адам өлтіру оқиғасы өткен аптада Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы көпқабатты үйдің лифтісінде болған. Марқұмның денесінен көптеген пышақ жарақаттары анықталды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
11.11.2026 08:15
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Елордадағы қайғылы оқиға: көз жұмған қыздың бірі күзде көшіп келген
10.11.2026 19:11
Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 4,5% болды
10.11.2026 10:00