«20 градус аяз және боран». Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

«20 градус аяз және боран». Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның кей жерлерде алдағы үш күнде ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Қазгидромет.

«Баренц теңізі аудандарында қалыптасқан суық атмосфералық фронттармен Қазақстанға арктикалық ауа массалары келеді. Соңғы уақытта республикадағы ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болса, алдағы үш тәулікте керісінше төмендейді және әдеттегі нормадан 3, 8°С төмен болады», - делінген хабарламада.

Күн салқындап қана қоймай, жауын-шашын, қар, тұман мен көктайғақ болады. Ал солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауып, күн қатты суытады.

Солтүстік батыстан күшті жел соғып, түнгі температура 10-15 градусқа дейін төмендейді. Кей жерлерде ауа температурасы минус 20 градусқа дейін жетіп, аяз болады.


Новости партнеров