|
16.04.2018 | 22:32
1458

16-22 сәуір аралығында «Алматы» телеарнасынан көретіндеріңіз

16-22 сәуір аралығында «Алматы» телеарнасынан көретіндеріңіз

«Алматы» телеарнасы осы аптада болатын телехикаялар мен бағдарламаларды назарларыңызға ұсынады. 

Ерлі зайыптылар арасындағы тылсым сыр. Әпке мен сіңілі арасындағы өшпенділік. Ақ пен қараны ажырата алмаған қос тағдыр. «Уәде беремін» телехикаясы дүйсенбі-жұма аралығында 18:00-де.

Ел тағдыры таразыға түскенде, іштегі жау жағадан алса... Жарлыған бас бөрік ішінде. «Сүлеймен сұлтан» Дс-Жм сағат 19:55-те.  


Жастар туралы, жастар үшін, жастармен бірге! Әр жексенбі сайын 12:30-да «Жастар қаласы» бағдарламасында. 

Күмбірлеген күй – құдырет. Жыр, терме – бабалар тілегі. Атадан балаға қаймағы бұзылмай жеткен ұлттық өнерді алқалы әлеуметке боямасыз ұсынамыз. Ұлттың музыкасы – ұлттың «Інжу-маржаны»  21-сәуір, сенбі 12:30-да.


Бәс тігілді, ойын басталды. Екеудің көздегені жеңіс. Ал, адалдық сынға түссе ше? Өмірдің өзі «Бәсеке». Дс-Жм сағат 15:30-да «Алматы» телеарнасында. 

Жері шұрайлы, шөбі шүйгін қазақтың байтақ даласы. Заманаға сай сәулет, жанға жайлы ғимарат. Әлемдік бәсекелер алаңы. Асқақ Алатаудың етегіндегі құпияға толы алып шаһарды бірге аралаймыз! 22-сәуір, жексенбі 13:00-де  «Асықпайық»бағдарламасын жіберіп алмаңыз!


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир