|
30.10.2018 | 16:06
2196

Қыздың жан дауысы шықты: Циркте болған сұмдық (видео)

Қыздың жан дауысы шықты: Циркте болған сұмдық (видео)

Ресейдің Краснодар аймағындағы Успенская ауылында цирк қойылымы кезінде қаншыр (арыстанның қаншығы)  үш жасар қызға шабуыл жасады, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Интернетте жарияланған видеода жыртқыш бірінші қатарда отырған баланың қолын тартып алып, сахнаға сүйреп әкеліп, басынан тістеп алғаны көрінеді.

Шошынған көрермендер айқайлай бастайды, ал үйретуші жануарды ажыратып алуға әрекет жасаған. Осы кезде цирктің басқа қызметкерлері көмекке жүгіріп келеді.

Бет-аузы жырымдалған бала аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Жақын арада оны Краснодарға емдеуге жібермекші. Қазір баланың жағдайы тұрақты.

Ойын-сауық кезінде қаншырдың қызға шабуылдау фактісі негізінде «Тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін қызметті ұсыну» деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир