Шетелдіктердің Алматыда жұмыс істеуге рұқсат алуы жеңілдеді

Шетелдіктердің Алматыда жұмыс істеуге рұқсат алуы жеңілдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шетел азаматтарының Алматыда жұмыс істеуге рұқсат алуы жеңілдеді.

Осы күні өзге елдің мамандарына тиісті құжат беру уақыты 3 айдан 30 күнге қысқарған. Бұл туралы «Инвестициялық климатты жақсарту шеңберінде тиімді көші-қон саясатын қалыптастыру» конференциясында айтылды. Жиынға 200 шетелдік компания өкілдері келген.

Қазір қаланың Алатау ауданында Көші-қон қызметі орталығы жұмыс істеуде. Онда шетелдік мамандар медициналық тексеруден өтіп, сақтандыру полисін рәсімдей алады. Сонымен қатар, жеке сәйкестендіру нөмірін де ала алады.  

«Бүгінгі жиынның мақсаты – шетелдік компаниялардың ұсыныстарын тыңдап, жауапты органға жолдау. Қазір басқа елден келіп, осында жұмыс істеп жатқан мамандар көп. Олар құжатты рәсімдеуге уақыттарын жоғалтпаулары керек. Сондықтан тиісті қағаздарды алу электронды түрге ауыстырылды. Айтпақшы, Алматы – Қазақстан бойынша аталған қызмет түрін электронды түрде көрсетіп жатқан алғашқы қала», – деді консалтингтік компания директоры Данияр ИБРАГИМОВ.


Новости партнеров