Алматыға тағы 200 жаңа автобус әкелінді

Алматыға тағы 200 жаңа автобус әкелінді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыға тағы 200 жаңа автобус әкелінді.

Қала басшысы Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қалаға әкелінген жаңа автобустарды көрді.

Шаһарда көлік реформасын жүзеге асыру аясында жолаушылар көлігін жаңарту жұмыстары жалғасып келеді. Сыйымдылығы үлкен жаңа автобустар №48 бағыт бойынша жүреді. Сонымен қатар, № 12, 19, 56, 70, 77, 123, 124, 137 бағыттарына енгізіледі.

Ертеңнен бастап № 36, 51, 125 бағыттағы ескі газельдердің орнына жаңа автобустар шығады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы автобустар тар көшелермен жүре алады. № 40, 46,122 бағыттар да күшейтіледі.

Бұдан өзге № 59, 69, 71 бағыттарда жылжымалы құрам толық жаңарады. № 8, 44, 74 бағыттар бойынша қосымша автобустар шығады.

№205 бағыт бойынша жаңа магистральды қозғалыс ашылады. Ол Райымбек даңғылы бойымен «Барлық» базарынан қаланың батыс жағын және «Жетісу» базарының шығыс жағын қосады. Бұл бағыт бойынша жолаушыларға  20 жаңа автобус қызмет көрсетеді.

Алматы  агломерациясы бойынша жолаушыларды тасымалдау сапасын арттыру үшін Қаскелең қаласына қатынайтын ұзындығы 12 метрлік автобустар жүретін жаңа бағыт ашу жоспарланып отыр.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қазіргі кезде көлік саласында ашық нарықтық механизмдердің жұмыс істей бастағанын атап өтті.

Жылжымалы құрамды жаңарту, арнайы жолақтар ашу арқасында жолаушылар ағыны артып келеді.

«Ескі әрі түтін шығаратын автобустар қалада жүрмеуі керек. Егер көрсетілген қолдауға қарамастан жеке тасымалдаушы жылжымалы составты жаңаламаса, онда олармен келісім бұзылады. Жаңа технологияларды енгізіп, болашақта бір көліктен екіншісіне тегін ауысуды қарастырған жөн. Жолаушылардың көлік жұмысына қанағаттануы - тасымалдаудың басты критерийі. Жеке көлікті қазіргі деңгейде ұстап тұру үшін лайықты балама ұсыну қажет», - деді қала басшысы.

Айта кету керек, қалаға жаңадан келген төмен еденді ЛиАЗ маркалы автобустар кондиционерлермен, видеобақылау камераларымен жабдықталған. Көліктер Евро-5 экологиялық стандартына сай. Жылжымалы составтың дайындығына орай бағыттарға шығумен кезеңмен атқарылады. Алматыда жыл аяғына дейін жаңа қоғамдық көліктің үлесі 87%-ға дейін жететін болады.  



Новости партнеров