|
17.10.2018 | 16:26
1539

Шетелдік БАҚ түркістандық сақалды әжейді «террористер басшысы» деп атаған

Шетелдік БАҚ түркістандық сақалды әжейді «террористер басшысы» деп атаған

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған лаңкестің өлтірілгені туралы ақпаратта қазақ әжейінің фотосы пайдаланылған, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Иранда шығатын бірнеше бұқаралық ақпарат құралы Sputnik Қазақстанда жарияланған репортаждың кейіпкері – түркістандық 70 жастағы Мухтабар Тораеваны ИГ* террористік ұйымының көшбасшысы деп атаған.

Ақпарат fararu.com, khabarban.com, tadbir24.ir. басылымдарында шыққан. Жарияланған жаңалықта IRGC (Ислам революциясы сақшыларының корпусы) ирандық әскери-саяси құрылымының Иракпен шекарадағы сириялық әл-Букмал қаласына ракетамен жасалған шабуылы кезінде «Ислам мемлекеті» көшбасшыларының бірі Әбу Әли әл-Машхадани қаза тапты деп хабарланады. Бірақ жаңалықтың суретіне Қазақстанның Түркістан облысында тұрып жатқан жұрт «сақалды апа» деп атап кеткен әжейдің фотосы пайдаланылыпты.

Sputnik Қазақстан қыркүйекте табиғи болмысы ерекше Мухтабар Тораева туралы материал дайындаған еді. Сұхбатта 70 жастағы әжей 35 жылдан бері сақалмен жүргенін және оны мақтан тұтатынын айтқан болатын. Sputnik Қазақстан тілшісі кейіпкердің үйінде түсірген нақ осы фотоны Иранның бұқаралық ақпарат құралдары өз жаңалығында пайдаланған.

Riafan.ru ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 1 қазанда «Ислам мемлекеті» шын мәнінде, Иранның Сирияның солтүстік-шығысында жасаған түнгі шабуылы кезінде көшбасшыларының бірінен айырылған. Сондай-ақ, содырдың Ирактың Мосул қаласы аумағында қауіпсіздік басшысы болғаны атап өтіледі. Бұдан бөлек, тағы онға жуық лаңкес өлтірілген.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир