Алматыда диснейлік фильмдердің әуендері жанды дауыста орындалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Сиқырлы әуендер» атты қайырымдылық киноконцерті өтті. Елімізде тұңғыш рет дүйім жұрт Диснейдің анимациялық фильмдеріндегі музыканы эстрада-симфониялық оркестрдің орындауында тыңдады.

Шарада 60-тан астам музыкант өнер көрсетті. Көрермендер кино туындылардағы үзінділерді үлкен экранда тамашаласа, ал танымал әуендерді оркестр жанды дауыста орындады. Бағдарламада аты әлемге әйгілі композиторлар Ханс Циммер, Алан Мэнкен және Джерри Голдсмиттің үздік туындылары шырқалды.

Шетелдік фильмдерді қазақ тіліне дубляждау жөніндегі жобаның қолдаушысы, қала әкімі Бауыржан Байбек шараға жиналғандарды қасиетті Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, жиналған қаражат қайырымдылық жобаларын қолдауға жұмсалатынын айтты.

«Елбасы айтқандай, Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі. Сол Тәуелсіздіктің арқасында бізде осындай жақсы іс-шаралар өткізуде. Тұрақтылықтың, келісімнің арқасында біз балаларымызды тәрбиелеп, үлкен болашаққа жетелеп апара жатырмыз. Сондықтан осы мереке құтты болсын! Біздің елімізде керемет жетістіктер көп болсын!», – деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.


Новости партнеров